ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында сөйлеген сөзінде ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов БАҚ өкілдерін ҚР жаңа экологиялық кодексі жобасының мазмұны туралы хабардар етті.
Вице-министрдің ақпараты бойынша, Экологиялық кодекс жобасы 2025 жылдан бастап қолжетімді технологияларға көшуді қарастырады. Спикердің айтуынша, бірінші кезекте бұл ел бойынша 70% эмиссияны шығаратын 50 ірі кәсіпорынға қатысты.
А. Пірімқұлов атап өткендей, елеулі шығындарға қарамастан, қазіргі уақытта ең жақсы қолжетімді технологияларды енгізетін кәсіпорындар экологиялық төлемдерден босатылады және тиісінше оларға экологиялық төлемнің өсіп келе жатқан сомасы қолданылмайтын болады, Ал үнемделген қаражат осы кәсіпорындар жаңғыртуға жұмсай алады.
"Экологиялық кодекс жобасында НТТ енгізуден бас тартқаны үшін кәсіпорындарды жабуды талап ететін нормалар жоқ", - деп нақтылады вице-министр.
Спикер өз сөзінде кәсіпорындардан эмиссия үшін бюджетке түсетін қаражатты жұмсау мәселелеріне жеке тоқталды. Сонымен, кодекстің жаңа жобасы норманы қарастырады, оған сәйкес эмиссияға түсетін барлық қаражат өңірлердегі экологиялық жағдайды жақсартуға, оның ішінде: елді мекендерді көгалдандыруға; саябақтарды жайластыруға; кәріздік-тазарту құрылыстарын салуға және жөндеуге; қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигондарды сәйкестікке келтіруге; табиғи қоқыс үйінділері мен т. б. қарсы күреске бағытталатын болады. Бұдан басқа, осы мақсаттарға 2025 жылдан бастап ең жақсы қолжетімді технологияларды енгізбейтін өнеркәсіп кәсіпорындарынан экологиялық төлемдер бағытталатын болады.
Вице-министр өз сөзінде нақты уақыт режимінде шығарындылардың көздері мониторингінің автоматтандырылған жүйесін енгізуге ерекше назар аударды. Спикердің айтуынша, аталмыш процедураларды реттейтін Норма жаңа экологиялық кодекс жобасында міндетті болады.
"Шығарындыларды мониторингілеудің автоматтандырылған жүйесін енгізу бұл жұртшылықты шынайы мәліметтермен қамтамасыз ету және бизнесті тексеру санын қысқарту мәселесі", - деп атап өтті А. Пірімқұлов.
Жалпы, спикердің айтуынша, жаңа экологиялық кодекс жобасы азаматтардың экологиялық санасын өзгертуге, олардың қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешуге қатысуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған маңызды экологиялық бастамаларды дамытуға және ілгерілетуге бағытталған.