Перспективалы инвестициялық жобаларды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі отандық фармацевтикалық компанияларымен пысықтауда. Бірлескен жоспарлары мен өндірісті қалпына келтіру туралы вице-министр Аманияз Ержанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтып берді.

Индустриялық-инновациялық бағдарламаның қатысушылары "DEMEU Traiding" ЖШС, "Дольче" ЖШС және "Супер Фарм"ЖШС болды.

Мысалы, "СуперФарма" жобасы тәулігіне 5 тонна мата емес материалды шығару бойынша 3,7 млн. Ал "Дольче " - мельтблаун маскалар мен сүзгіш материалға арналған резина өндірісі бойынша екі шикізат желісін өндіру жобасын жолға қоюда (өнімділігі тәулігіне 1,5 тонна). Алдағы 3 айда іске қосу жоспарлануда.

Қазан айына дейін әкімдіктің қолдауымен Алматыда ИТП-Алатау АЭА-да фармкластер іске қосылады.

Фармацевтикалық және медициналық өнім өндірушілер қауымдастығының атқарушы директоры Гүлдария Манакпаеваның айтуынша, импортты алмастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. 35 салалы компаниялармен 64 ұзақ мерзімді шарт жасалды. Олар отандық нарық қажеттілігінің үштен бір бөлігін қамтамасыз етіп қана қоймай, өндірістік қуаттарды да еселеп өсіруде. Ал технологиялық трансферт аясында гемофилия, онкология, қант диабеті және вирустық гепатитке қарсы биотехнологиялық дәрі-дәрмектер өндірісі басталды.