29 маусым 2020 жаңа ресейлік «Фавипиравир» препараты COVID-19 диагностика және емдеу клиникалық хаттамасына енгізілді. Медициналық клиникалық сынақтан сәтті өтті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиният мәлімдеді.

«Біз COVID-19-бен күресте әлем елдерінің ең табысты тәжірибесін пайдаланамыз. Бұл препарат КВИ емдеу және тексеру хаттамасына енгізілді. Препарат бір рет әкелініп, елімізге жеткізіледі. Стационарлық науқастарды емдеп, емдеудің жүргізілуін қадағалаймыз, себебі жаңа препарат», - деп түйіндеді А.Гиният