ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн-баспасөз конференциясында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ТЖ кезінде кірісінен айрылған жұмыс берушілер мен азаматтардың жалған ақпараты үшін жауапкершілігіне байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлем тағайындау шарттары туралы айтты.

Ведомство басшысының мәліметінше, бүгінгі таңда 3 690 мың адамға жалпы сомасы 157 млрд.теңгеге 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік көмек тағайындалды.

"Әлеуметтік көмек алуға өтініш беру кезінде қателіктерге жол берген азаматтардың ешқайсысы қылмыстық тәртіпте жазаланбайды. 42 500 теңге - төтенше жағдай кезіндегі әлеуметтік-бағытталған төлем", - деп атап өтті Б.Нұрымбетов.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі жалдамалы қызметкерлер үшін, егер осы санаттағы халықтың өкілдерін еңбек ақысы сақталмайтын демалысқа жіберген болса, жұмыстан босатылған жағдайда, 42 500 теңге көлемінде төлем алатынын атап өтті. Жалдамалы қызметкерлерді жұмыстан шығарған жағдайда, оларға қарастырылған басқа да төлеу МӘСҚ ішінде 6 айға 40% мөлшерінде еңбек ақы мөлшерін ала алады. Ол үшін жұмыссыз ретінде тіркелу жеткілікті.

Өз сөзінде Б.Нұрымбетов аталған әлеуметтік төлемді мемлекеттік қызметшілер, зейнеткерлер, мүгедектер, мемлекеттік жәрдемақы алушылар ала алмайтынын, себебі мемлекеттік ұйымдардың қызметі тоқтатылмаған, ал зейнетақы мен басқа да мемлекеттік жәрдемақы төлеу тоқтатылмаған. Алайда, егер зейнеткерлер мен мемлекеттік жәрдемақы алушылар ТЖ режиміне дейін ресми түрде жұмыс істесе және олар өздері немесе олардың жұмыс берушісі олар үшін БЖТ төлесе, онда олар 42 500 теңге мөлшерінде төлем алуға үміткер бола алады.