ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар орталығында Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Ғ.А. Оспанқұловтың, мемлекет және қоғам қайраткері М.Ж. Жолдасбековтың, Нұр-Сұлатан қаласы «Оберег» украиндар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Ю.Н. Лагуткинаның және Қазақстандық қоғамдық даму институты жанындағы Рухани жаңғыру орталығының басшысы Ж.К. Буқанованың қатысуымен «Наурыз мейрамын мерекелеудің жаңа тәсілдері» тақырыбында баспасөз-конференциясы өтті.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» Қазақстандық қоғамдық даму институты ағымдағы жылдың 20 ақпанында «Азаматтық алаң» атты жаңа пікірталас алаңын ұсынғаны мәлім. Жаңа пікірталас алаңының іске қосылуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссия жанындағы Орталық сараптамалық кеңес өз жұмысын аяқтады.
Таныстырылым барысында «Азаматтық алаң» пікірталас алаңында «атқарушы органдар мен жұртшылық арасындағы өзара іс-қимылдың тиімді жолсерігі болуға тиіс екендігі, ашық диалог, ағымдағы өзекті мәселелерді талқылау және бағдарламаны іске асыру бойынша жаңа ұсыныстар енгізу қағидаттары басшылыққа алынатыны» атап өтілді. Алғашқы кездесу аясында пікірталас алаңына қатысушылар Наурыз мейрамын мерекелеуге қатысты жаңа тәсілдерді талқылады. Атап айтқанда, мерекені 14-22 наурыз аралығында өткізудің жаңа регламентін енгізу туралы ұсыныс айтылды. Наурыз мейрамы тұжырымдамасы отбасылық дәстүрлер мен ұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған.
Сарапшылар 9 күндік тақырыптық мерекелеудің келесідей тәртібін ұсынды:
14 наурыз – Көрісу (Амал) күні – туыстармен және достармен кездесіп, амандық-саулық сұрасу күні;
15 наурыз – Шежіре күні – еске алу күні;
16 наурыз – Жайлау күні – табиғатты аялау күні;
17 наурыз – Волонтерлердің қатысуымен игі істер күні/дархандық күні;
18 наурыз – Шымырлық пен шеберлік күні;
19 наурыз – Зияткерлік күні – даналық пен білім күні;
20 наурыз – Жоралғы күні – отбасылық дәстүрлер мен жақсы әдеттер күні;
21 наурыз – Ұлттық тағамдар күні;
22 наурыз – Бұқара күні – көктемгі күн мен түннің теңесу күні. Жаңа өмірдің басталуы және жаңару мерекесі.
Осылайша, Наурыз мейрамын жаңаша мерекелеу қазақ халқының салт-дәстүрлерін жаңғыртуға, жалпықазақстандық рухани құндылықтарды нығайтуға, ұлттық бірегейлікті сақтауға, этносаралық қатынастар мәдениетін дамытуға, қоғамдағы достық пен сенімді нығайтуға, отбасы институтын маңыздылығын күшейтуге, азаматтық бейбітшілікті сақтауға, әлеуметтік әріптестікті және қайырымдылық жасау мәдениетін дамытуға, Қазақстан табиғатының бірегейлігін, табиғатқа ұқыпты қарауды ұғынуға, экологиялық мәдениетті және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру бойынша қоғамдық бастаманы дамытуға септігін тигізері сөзсіз.