Құс өсірушілер Одағымен бекітілген стратегияға сәйкес Жұмыртқа өндірушілер қауымдастығы республикалық бюджет есебінен құс фабрикаларының айналасындағы 20 шақырымдық аймақта табын мен үй құстарына профилактикалық вакцинациялауды жүргізеді. Ресми мәліметтер бойынша, бұл 3,34 миллион бас. Осылайша, әкімдіктердің өтінімдеріне сәйкес вакцинаға 100% қажеттілік бөлінді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Тұрсын Қабдолданов мәлімдеді.

Қазақстанда 1 қыркүйекте барлығы 46,7 млн.құс басы тіркелді, оның ішінде 31,4 млн. данасы – құс фабрикаларында.

«Сондай-ақ, құс фабрикалары қолданыстағы ветеринарлық заңнама шеңберіндегі міндеттемелерге сәйкес өз бетінше вакцинация жүргізеді. Бұл ретте бройлерлік бағыттағы құс фабрикалары бройлерлердің өмір сүру мерзімінің аздығына (36-40 күн) байланысты вакцинациялауды жүргізбейді, өйткені тәуліктік балапандар мен инкубациялық жұмыртқаны құс тұмауынан аналық мал басы вакцинацияланған құс фабрикаларынан алады. Жұмыртқа құс фабрикалары тауықтарды егу жұмыстарын жүргізуде. Ошақтарды оқшаулау үшін қыркүйек айында республикалық резервтен қосымша 3,1 млн. дозалар,осы аптаның соңында тағы 1,3 млн.доза жеткізілетін болады, осылайша өңірлерге вакциналардың 7,7 млн. дозасы бөлінді»,- деді спикер.

Отандық вакцина қолданылады, іс-шараларға 1185-тен астам ветеринарлық мамандар қатысады.