Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ҚР Білім және ғылыми министрлігінің басшысы Асхат Аймағамбетов осылай деді. Тілшінің қойған сұрағына берген жауабында ведомство басшысы сабақ беретін мұғалімдерге нақты талаптар қойылғандығын жеткізді.

«Бұл мәселе жалпы Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен нұсқаулықта қарастырылған. Сыныптармен жұмыс істеуге жіберілетін мұғалімдердің жасы 65-ке дейін болуы тиіс. Жүкті болса, қант диабеті, басқа да созылмалы аурулары болса, әріптестеріміз осындай режимде жұмыс істеуге жіберілмейді. Мұның барлығын мектеп басшылары қадағалайды. Тиісті ережелер бектіліп, мұғалімдердің назарына жеткізілді»,- деді БҒМ басшысы.

Күн сайын ұстаздардың дене қызуы өлшенеді, олардың санитарлық талаптарды сақтауы тексеріледі.