Сыртқы факторлардың ықпалына, және пандемияның таралуын шектеу шараларына қарамастан, Шығыс Қазақстан облысында облыста әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің оң динамикасы сақталып отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңір басшысы Даниал Ахметов мәлімдеді.

«Жыл басынан бері, облыс экономикасын дамытуға, 106,5% проценттік өсіммен, 547 млрд теңге инвестиция салынды. Құрылыс жұмыстарының көлемі 125,4% процентке ұлғайды.

116,7% проценттік өсіммен, 316 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Өнеркәсіп өндірісінің қарқыны 112% өсті. Ауыл шаруашылығында - 100,3% жалпы өсім сақталды. Мемлекеттік бюджетке түсім, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 102% процентке, ал жергілікті бюджетке - 120% процентке артты», - деді Ахметов.

Оның атап өтуінше, халықтың ақшалай табысы артты, орташа айлық жалақы 120% процентке өсті, 24 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды, ал жұмыссыздық деңгейі 5% проценттен аспайды.