Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиният мәлім етті.

Пациенттердің жұқтырылуын болдырмау үшін учаскелік қызметтің жұмысы және консультациялық қызметтер мүмкіндігінше қашықтықтан форматқа ауыстырылды. Жоспарлы көмек және диагностикалық қызметтер қатаң көрсеткіштер бойынша емханада онлайн жазба-кезек арқылы жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, әр емханада емханаға жүгінген науқастарға медициналық көмек көрсететін сүзгілер ұйымдастырылған.

Денсаулық сақтау министрлігі өкілінің ақпараты бойынша үш үлгідегі 383 жылжымалы мобильді бригаданың жұмысы ұйымдастырылған. Бригадалардың бірінші түрі COVID-19 симптомдары бар, ЖРВИ белгілері бар, тыныс алу жеткіліксіздігі бар адамдардан тест алады. Бригадалардың екінші түрі COVID-19 расталған пациенттерге медициналық көмек көрсетеді. Бригадалардың үшінші түрі созылмалы аурулары бар пациенттермен жұмыс істейді, жүкті және балаларға патронаж жүргізеді.

Вице-министр атап өткендей, халықты ауру жағдайында іс-қимыл алгоритмі бойынша ақпаратпен қамтамасыз ету үшін: дені сау адам үшін, ЖРВИ бар пациент үшін, COVID-19 бар пациент үшін жаднамалар әзірленді.

«Барлық сұрақтар бойынша пациенттер бірыңғай Call-орталықтар мен емханалар жанындағы байланыс орталықтарына жүгіне алады. Көптеген пациенттер өздерінің учаскелік дәрігерлерімен және мейірбикелерімен тікелей байланыста болады», - деді А.Гиният.