Пандемия басталғалы бері өңірде бизнес нысандарының қауіпсіздік пен коронавирус инфекциясын таратпау нормаларының сақталуын тексеретін 40 арнайы мониторингтік топ жұмыс істеуде.

Жалпы, 4 мыңнан астам тексеру жүргізілді, онда бір жарым мыңнан астам азық-түлік дүкені мен супермаркеттер, 640 азық-түліктік емес дүкендер және т.б. тексерілді.

Рейд барысында мониторингтік топ мүшелері нысандарда карантиндік шараларды бұзудың 342 жағдайын анықтады, 20 нысанның қызметі тоқтатылды, әкімшілік құқық бұзушылық туралы 125 хаттама толтырылып, сотқа берілді. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов осындай мәліметтерді жария етті.