106,5 мың қазақстандық «ТҚЖБ24» мобильді қосымшасы және «Отбасы банк» сайтындағы бейнеқоңырау арқылы арнайы ағымдағы шоттар ашты. www.enpf-otbasy.kz онлайн-платформасында 81 000 адам біржолғы зейнетақы төлемдерін алуға өтінім берді. БЖЗҚ 50 519 өтінішті мақұлдады. Бірінші кезең аяқталды. Олардың өтінімдері бойынша арнайы шотқа ақша аударылуда. 1 ақпанда 8454 қазақстандықтың ағымдағы шоттарына 49,2 млрд теңге түсті. 6974 пайдаланушыда бұрынғы орындалмаған өтініштерді ескере отырып, ЖЗШ-да қаражаттың жеткіліксіздігі туралы ақпарат шықты. Яғни, өтінім бірнеше рет берілді, тіпті күніне бірнеше рет берілуі мүмкін. Қазіргі кезде көп өтінім беруге тыйым салу мәселесі қарастырылуда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Отбасы банк» Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді. Оның айтуынша, әлеуметтік желілерді пайдаланушылардан келіп түскен көптеген өтініштерді ескере отырып, банк порталды жаңғырту туралы шешім қабылдады. «Сирек кездесетін, бірақ өте табанды өтініш болды - өтінімнің мақсатын түзетуге мүмкіндік беру. Яғни, алдымен адам қарызды өтеуге өтініш берген, ал енді ипотекаға жаңа пәтер сатып алғысы келеді. Екінші өтініш – өтінімді жою мүмкіндігі. Көбінің «ақшаның барын, олардың аударылғанын және жыл соңына дейін барлық операцияларды орындай алатынын» тексергісі келген. Мұндай мүмкіндік те беріледі. Үшінші ұсыныс – қазірдің өзінде жіберілген өтінімдер, мысалы, қарызды өтеуге, сол өтінімге қосымша өтініш беруші - туысты тіркеу. Біз бұл мүмкіндікті де пысықтап жатырмыз, 10 күннің ішінде ол дайын болады деп ойлаймын», - деді Банк басшысы әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарды мұқият бақылауға кеңес бере отырып. Осы жаңалықтардың барлығы да онлайн-форматқа бейімделетін болады. Ләззат Ибрагимованың айтуынша, порталда толтырудың түрлі сатыларында 26 264 өңделмеген өтінім «бар». «Отбасы банктің» басқарма төрайымы өтініш берушілерге өз деректерін Жеке кабинетте тексеруге кеңес берді. «Көптен күткен «БЖЗҚ сіздің өтініміңізді қарауға қабылдады» терезесін көрмегендер порталда өздерінің жеке кабинетіне қайта кірсе», өтінішке қол қоюды күту» жазуы шығуы әбден мүмкін. Онда барлық процестерден өтіп, өтінішке қол қою керек», - деді ол.