Бірыңғай дистрибьютор «СК-Фармация» ЖШС мемлекеттік сатып алу үлесі отандық өндірістегі дәрілік заттарды сатып алудың 1/3-нен кем. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов мәлімдеді.

Қазақстанда 89 фармацевтикалық кәсіпорын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар шығарады.

Дәрілік заттардың негізгі өндірісі Алматы, Шымкент қалаларында және Алматы облысында орналасқан 10 кәсіпорында шоғырланған. Сондай-ақ Қарағанды облысында және Ақтөбе қаласында бір-бір кәсіпорыннан бар.

Анықтама: «Химфарм» АҚ (Шымкент қ.) – ДЗ негізгі түрлері антибиотиктер және алколоидтер, жөтелге қарсы және қақырық шығаратын дәрілер, жүрек дәрілері, антисептиктер, жылдық қуаттылығы - 806 млн. таблеткалар, 131 млн. ампулалар, 1,8 млн. пакеттер мен шөлмектер, 33 млн. флакондар антибиотиктер, 4,2 млн. флакондар;

«Нобел АФФ» АҚ (Алматы қ.) – ДЗ негізгі түрлері дәрі - дәрмектер, антибиотиктер, жөтелге қарсы және ісінетін дәрілер, антисептиктер, жылдық қуаттылығы – 350 млн. таблеткалар, 150 млн. капсулалар, 20 млн. сироптар мен суспензиялар;

«Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС (Алматы қ.) - ДЗ негізгі түрлері витаминдер, антибиотиктер, жылдық қуаттылығы – 1,5 млрд. таблеткалар мен капсулалар;

«DOSFARM» ЖШС - ДЗ негізгі түрлері ДЗ түрлері антисептикалық препараттар, витаминдер, назальды препараттар, көзді емдеуге арналған препараттар, тамақты емдеуге арналған препараттар және т. б., жылдық қуаттылығы - 500 000 дана;

«Kelun Kazpharm» ЖШС (Алматы қ.) ДЗ инфузиялық ерітінділер, жылдық қуаттылығы – 60 млн.бірлік;

«Нұр - май фармация» ЖШС (Алматы қ.) - ДЗ инфузиялық ерітінділер, жылдық қуаттылығы - 12 млн. контейнер;

«Карагандинский фармацевтический комплекс» ЖШС - ДЗ иммунобиологиялық, биофармацевтикалық препараттардың негізгі түрлері, жылдық қуаттылығы – 4 млн. препараттар қаптамасы;

«ТК Фарм Ақтөбе» ЖШС - ДЗ ацикловир – СВС, тұмау препараттарының негізгі түрлері. жөтелге қарсы шәрбаттар, жылдық қуаты - 2 млн. таблетка, 3 млн. капсула, 600 000 ерітінділер мен құтыдағы шәрбаттар.

«Отандық кәсіпорындар 1000-ға жуық дәрі-дәрмек шығарады, олардың ішінде жедел респираторлық ауруларды және олардың асқынуларын (бронхит, пневмония) емдеуге бағытталған вирусқа қарсы, қабынуға қарсы дәрілік препараттар мен антибиотиктер бар», - деді вице-министр.

Ыстықты төмендететін және вирусқа қарсы препараттардың негізгі өндірушілері «Нобел АФФ» АҚ және «Глобал Абди Ибрахим» ЖШС. Азитромицин, құрамында парацетамол бар препараттардың дәрісі миллиондап өндіріледі.

Анықтама:

«Нобел» АҚ - 350 миллион таблетка; 150 миллион капсула; 20 миллион сироп пен суспензия; "Глобал" ЖШС - 1,5 млрд. таблетка мен капсула.

«Эйкос – Фарм» ЖШС - антигриппин, римантадин, цитрамон, фурацилин және т. Б. (25 000 000 қаптама).

«Фарм Ақтөбе» ТК - ацикловир, грипповир, жөтелге қарсы сироптар (2 млн таблетка, 3 млн капсула, 600 мың ерітінді мен құтыдағы сироптар).

«ВИВА ФАРМ» ЖШС - парацетамол (ректальді суппозиторийлер), БоксГрипал, ибупрофен, лорноксикам, тилаксин, тилаксин және т.б. (апта сайын қызуды түсіретін 9 885 орам, вирусқа қарсы 946 орам шығарылады).