Жақында Павлодарда қоғамдық көлік жүргізушілері желіге шықпай қойды. Наразылық танытуға ақының толық төленбеуі себеп боғлан. Тасымалдаушылар өздеріне шығын келтіре отырып, жұмыс істеуден шаршаған. Оқиға шешімін тапты. Бірақ бұл проблема жүйелі сипатқа ие, – деп түсіндірді Павлодар облысының әкімі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистің қойған сұрағына берген жауабында.

Әбілқайыр Сқақовтың айтуынша, тасымалдаушылар үш бағыт бойынша жұмысқа шықпаған. Олармен қала әкімі кездесті. Тасымалдаушылардың 90% жұмыстарына оралды.

«Пандемияға байланысты жолаушылар ағыны қысқаруда. Павлодарда халықтың 17 санаты бар, оларды тасымалдаушылар тегін тасымалдайды. Мәселе жүйелі, ол сараланған тарифті енгізген кезде шешіледі. Ал ол электронды билеттеу жүйесі енгізілгеннен кейін іске қосылатын болады. Бұл 2021 жылға арналған жоспар. Электрондық билеттеу қанша жолаушы тасымалданатынын, оның қандай бөлігі жеңілдікпен жүретінін, сондай-ақ әділ әрі нарықтық қатынастар құру үшін оларға бюджеттен қай бөлігі өтелуі тиіс екенін көрсетеді. Бұл бағдарлама іске асыру сатысында. Кешегі оқиға шешімін тапты және ол қайталанбас үшін барлық шараларды қабылдаймыз», - деді әкім.