Әлеуметтік мәселелер біздің басты назарымызда. Бұл туралы «Ақ жол» партиясының келешегі туралы сұраққа жауап бере отырып, оның төрағасы Азат Перуашев айтты. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ол қазір ақжолдықтар алдағы съезде жария етілетін сайлауалды бағдарламамен жұмыс істеп жатқанын түсіндірді.

Бірақ анық бір: «Зейнетақыны, ең төменгі жалақыны есептеу кезінде АЕК сияқты көрсеткіштерден кету керек. Бұл ауадан алынған сан. Тұтыну қоржынынан бастау керек. Оған ең аз азық-түлік жиынтығы, коммуналдық шығындар, көлік шығындары кіреді. Өркениетті елдерде оған мәдени демалыс, кинотеатрға бару, киім сатып алу шығындары және т.б. кіреді. Ал біз мемлекеттік органдардың қалауы бойынша өзгеретін АЕК бойынша есептесек, көптеген азаматтарымызды аман қалу шегіне қалдырамыз. Пандемияға байланысты қазіргі жағдай, 42500 теңге мыңдаған, тіпті миллиондаған азаматтар үшін «құтқарушы сабан» болған кезде, біздің мемлекеттік органдардың қаншалықты цифрларға жүгінетінін көрсетті»,- деп мәлімдеді Перуашев.