Бұзылған ескі жеке үйлердің тұрғындары қаладан кетуге мәжбүр болды ма? ОКҚ өткен брифингте СҚО әкіміне осындай сұрақ қойылды. Құмар Ақсақалов реновация бағдарламасы аясында ескі жеке меншік сектордың тұрғындарының барлығы «Жаңа Қала» реновация бағдарламасы аясында көшірілгенін хабарлады.

«Біз үш жылдың ішінде 1277 жеке үйді бұздық. Петропавл қаласының және облыс тұрғындары бұл үйлердің қандай жағдайда болғанын біледі: коммуникация жоқ, орталықтандырылған су жоқ, аулада жайллық, ыстық су жоқ. Біз тұрғын үйлерін сатып алған адамдардың 92%-ы ақша алмай, ұсынылған пәтерлерге қоныстанды. Онда барлық жағдайлар жасалған. Тұрғындардың тек 8%-ы ғана ақша алды. Бұл өте жақсы үрдіс, ол үш жыл бойы сақталып келеді», - деді аймақ басшысы өз жауабында.

Айта кетейік, биыл құрылысты қаржыландыру 1,5 есеге өсіп, 18 млрд.тг жетті. Жыл соңына дейін 300 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беріледі. Қазірдің өзінде облыс орталығында 32 көппәтерлі тұрғын үй салынуда. Олардың басым бөлігі бұзылған жеке үйлердің орнына тұрғызылды. Бұл жұмыстың ауқымы тек арта түседі», – деп сендірді Ақсақалов.

Бүгінгі күні 14 үйдің құрылысын жеке құрылыс салушылар жүргізуде.