Арыс қаласында болған қайғылы оқиғадан бері бір жыл өтті. Бұл Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент лауазымындағы алғашқы сынағы болды. Мемлекет басшысы сол күні Түркістан облысына келіп, қысқа мерзімде қаланы қалпына келтіруді тапсырды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ҚК Тыл және қару-жарақ басқармасының бастығы Асылбек Сатыбалдинов мәлім етті.
«Іздестіру топтары, инженерлік барлау және минасыздандыру топтары жақын маңдағы ауылдық округтердің 300 шаршы шақырымнан астам егістік алқаптарын тексерді. Мобильді іздестіру саперлік тобы жергілікті тұрғындардың 740-тан астам өтінішін пысықтады. Соның арқасында 4,5 мыңнан астам оқ-дәрілер залалсыздандырылды. Сүңгуірлер Арыс өзенінің 30 шақырымнан астам арнасын тазалады», - деді спикер.
Асылбек Сатвалдиновтың айтуынша, саперлер екі мың тоннадан астам оқ-дәрілер фрагменттерін жинады. "Жыл ішінде Арыс қаласынан 380 мыңға жуық оқ – дәрінің фрагменті шығарылды, оның 300 мыңға жуығы жарылыс қаупі бар. Тасымалдау үшін әскери қарауылдармен бірге бес мыңнан астам автокөлік рейсі орындалды", - деп нақтылады Асылбек Сатвалдинов.
Сондай-ақ, ол әскери ветеринарлар ауыл шаруашылығы министрлігінің мамандарымен бірлесіп Арыс қаласы ауданында 508 бас үй жануарлары мен құстарын алып кеткенін хабарлады. Тоғыз мың шаршы метрден астам аумақта өлген малдарға дезинфекция жүргізілді.
Күн сайын бір жарым мыңнан астам әскери қызметші оқ-дәрілердің жарылу қаупі бар фрагменттерін іздеу, залалсыздандыру, тасымалдау және жою жұмыстарын жүргізеді.
Сондай-ақ, брифинг барысында қалада инфрақұрылымның 90% қалпына келтірілгені белгілі болды.Тоқаевтың жеке бақылауымен Арыс қаласының 90% инфрақұрылымы қалпына келтірілді.