Әлеуметтік желілерде таралған Шымкент қаласы медициналық орталығының докторы Айна Бакеева Мемлекет басшысына жолдаған бейнеүндеудің мазмұнына түсініктеме берген Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой доктор А.А. Бакеева вирустық инфекция көріністері бар пациенттерге кеңес беруге құқылы екенін айтты. Себебі ол «Терапия (жасөспірімдер терапиясы, диетология)» мамандығы бойынша клиникалық практикаға міндетті рұқсаты бар деді.

«Министрлік дәрігер А.А. Бакееваның сұйықтықты көп ішу туралы жеке ұсыныстарын қолдайды, хаттамада шырышты қабықтарды дезинтоксикациялау, ылғалдандыру мақсатында жылы түрде мол сұйықтық ішу ұсынылады. Антикоагулянттар аурудың ауырлық дәрежесіне байланысты covid - 19 кезінде тромбозды азайту үшін ұсынылады», - деп атап өтті А.Цой.

Денсаулық сақтау министрлігі басшысының ақпараты бойынша, Қазақстандағы өлімнің 95% - дан астамы 60 жастан асқан жүрек, өкпе, диабет және семіздік аурулары бар адамдар екенін көрсетті, бұл халықаралық мәліметтерге сәйкес келеді.

«COVID-19 кезінде антибактериалды терапия көрсетілім емес, COVID-19 инфекция бұл өкпенің вирустық зақымдануы. Министрлік сондай-ақ пациенттердің амбулаториялық деңгейде бактерияға қарсы препараттарды бақылаусыз қабылдауымен өте алаңдаулы. COVID-19 емдеу және бақылау бастапқы желі, дәріханаларда дәрі-дәрмектердің болуы үлкен рөл атқарады және бұл ағымдағы жағдайда өте маңызды. Сонымен қатар, клиникалық хаттаманы жүйелі өзектілендіру бойынша жұмыс тобы А.А. Бакееваның ұсыныстарын қарауға дайын»,- деп толықтырды Денсаулық сақтау министрі.