Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді. Салалық ведомство басшысының айтуынша, қаулыда алдағы сайлауға байланысты эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бірқатар талаптар қарастырылған.

«Олардың ішіндегі негізгілері мыналар:

1) сайлау учаскесіне қойылатын талаптар:

  • кіре берісте термометрмен температура өлшеу;
  • сайлаушылардың жүру бағытын көрсететін белгілер қою;
  • сайлау комиссиясы мүшелері 3 сағат сайын маска ауыстыруы тиіс;
  • қолды дезинфекциялауға арналған санитайзерлер болуы керек;
  • – жиһаз бен техникалық жабдықты бір-бірінен кемінде 1,5-2 метр қашықтықта орналастыру;

– кемінде 1,5-2 метр әлеуметтік арақашықтық сақтау;

  • келушілердің дене температурасы көтерілген (37ºС жоғары) жағдайда, адамды оқшаулауға арналған жеке кабинет болуы қажет;

  • Сайлаушыларға қойылатын талаптар:

  • сайлау учаскесіне келгенде медициналық немесе қорғаныс маскасын және қолға арналған антисептикалық құралды пайдалану;

    • Үйде емделуіне байланысты оқшаулау режиміндегі немесе коронавирус инфекциясына байланысты карантинде отырған дауыс берушілер сайлау учаскесінен тыс жерде дауыс беру туралы өтініш білдірген жағдайда сайлау комиссиясының мүшесіне хабарлауы тиіс.

Сайлау учаскелерінде тұрақты жұмыс істейтін адамдарға қойылатын талаптар - жоғары және орташа қауіпті аймақтардағы сайлау комиссиясының мүшелері. Қазіргі кезде қызыл аймақта 1 өңір (Атырау облысы), сары аймақта – 6 өңір (Қостанай, Ақмола, СҚО, Павлодар облыстары, Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары) сайлау комиссиясының мүшелері, бақылаушылар мен сенімді адамдар 5-9 қаңтар аралығында тексерілуі тиіс және ПТР-тест нәтижесі теріс болуы қажет», - деп А.Цой міндетті талаптарды атап өтті.