Қазақстанда коронавирустан өлім-жітім пайызы 0,5-0,6% - ға дейін төмендеді.

Қазіргі уақытта КВИ ауруының өсуімен қатар, пневмонияның ауыр жағдайларының саны пропорционалды түрде өсуде. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Ләззат Ақтаева мәлім етті.

Оның айтуынша, наурыз – сәуір айларында реанимация бөлімшелерінде 30-35 пациент ауыр жағдайда болған. Қазір реанимация бөлімшелерінде 125 пациент бар, оның ішінде екі пациентке өкпені экстракорпоралды оксигинациялау аппараттары қолданылады.

Өткен айлармен салыстырғанда пациенттердің өлім-жітім пайызы төмендеді. Қазіргі уақытта өлім-жітім пайызы симптомсыз жағдайларды есепке алмағанда да 0,5-0,6%-ды құрайды (сәуір айында 1,3-1,4%). «Бұл қазақстандық инфекционист-дәрігерлер, пульмонологтар, реанимация бөлімшелерінің дәрігерлері коронавирустық инфекцияны емдеудің барлық әдістерін біле отырып, сондай-ақ қарқынды терапия әдістерін қолдана отырып, аурудың нәтижесі қолайлы болу үшін жұмыс істейтінін көрсетеді», - деп атап өтті ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі. Медицина қызметкерлерінің кәсібилігінің арқасында аса ауыр жағдайдағы 332 пациент физикалық жағдайының жақсаруына байланысты реанимация бөлімшелерінен бейінді бөлімшелерге ауыстырылды.

Л.Ақтаеваның айтуынша, пневмония белгілері бар емдеуге жатқызылған пациенттер коронавирустық инфекцияның бар-жоғына міндетті түрде диагностикадан өтуі тиіс, бұл қабылданған клиникалық хаттамаға сәйкес уақтылы тиісті ем тағайындауға мүмкіндік береді.