Қарағанды өңірі халқының үштен бірі шағын және орта бизнес саласында жұмыс істейді. Жыл басынан бері жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 89 078 бірлікті құрады.

Шағын және орта бизнестегі сауда және қызмет көрсету салалары пандемияға байланысты қиын жағдайға тап болды. Президенттің тапсырмасы бойынша 2,8 мың кәсіпкерге қаржылық қолдау көрсетілді, 2,3 мың адам бизнес жүргізу егіздеріне оқытылды. Мемлекеттік қолдаудың арқасында облыстың ШОБ-і өнім шығару көрсеткішінің 4%-ға өсуін қамтамасыз етті, 2 200 тұрақты жұмыс орны құрылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.

Карантинде көптеген кәсіпкерлер онлайн-сауда мен жеткізілімге көшті. Жыл қорытындысы бойынша электрондық сауданың кем дегенде 3 есе өсуі күтілуде.

Еңбек нарығындағы жағдайды тұрақтандыру үшін мемлекеттік бағдарламалардың барлық әлеуеті пайдаланылады. Жыл басынан бері Жұмыспен қамту органдарына 41 мыңнан астам адам жүгінді, олардың 35 мыңнан астамы жұмысқа орналастырылды, ал «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасын іске асыру 140 елді мекенде инфрақұрылымның дамуына серпін берді. Инфрақұрылымдық жобаларда 16 мың жұмыс орны құрылды.

«Бизнесті бұрынғы қарқынмен қалпына келтіру – жыл сайынғы 10-15% өсімді - кәсіпкерлерді «Бизнестің жол картасы 2025», «Қарапайым заттар экономикасы», «Еңбек», ШОБ субъектілерін жеңілдікпен несиелеу және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» сияқты мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға белсенді тарту есебінен қамтамасыз етуді жоспарланып отыр. Жалпы биыл Қарағанды облысында барлық мемлекеттік бағдарламалар аясында 33 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады», - деді өңір басшысы.