Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында журналистердің сұрақтарына берген жауабында ҚР ҰҚК Ақпараттық қауіпсіздік департаменті директорының орынбасары Ғалымбек Тәтенов мәлімдеді.

Оның айтуынша, отандық қауіпсіздік сертификатын қазақстандық криптография мен шифрлаудағы көшбасшы компания шығарды. Бұл өнімнің сапасын көрсетеді. Бірақ бәсекелестіктің жоғары боулына орай оны платформада жылжыту қиын.

«Біз шетелдік компаниялармен келіссөздер жүргіздік: «біздің сертификатты қоймаға ерікті түрде қосасыз ба?», келіссөздер ұзаққа созылды, шамамен екі жылдай, заңнамалық база 2015 жылы дайын болған, бірақ шетелдік компаниялар «жоқ, сіздерді жібермейміз» деп үзілді-кесілді айтады, олар отандық әзірлемелер мен браузерлерден қауіптенеді. Қазақстандық бизнеске осынндай алыптар дамуға мүмкіндік бермейді, мысалы, сіз ноутбук сатып алдыңыз – онда «Google» алдын ала орнатылады, смартфон сатып аласыз – онда «Safari» бар. Отандық өнімдер көп, бірақ бұл цифрлық нарықтың монополиялары, алыптар басып алып, бермейді.

Бұл қауіпсіздік сертификатына да қатысты. Яғни, олардың сертификатын біздің құрылғыға қосуға болады, ал біздің сертификатты қосуды сұрағанда, процесс кешіктірілді. Біз қазір Smart TV өндірушілерімен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Олар қауіпсіздік сертификатын қолданушыға ештеңе қоса алмайтындай етіп жасаған. Шын мәнінде, бұл да құқықты бұзады.

Сіз смарт-теледидар сатып аласыз, онда шетелдік бағдарламалық қамтамасыз ету, «YouTube», қосымшалар орнатылған, бірақ қазақстандық браузер жоқ. Бизнеске қандай да бір техникалық кедергілерді алып тастауға көмектесу үшін Кеден одағы кеңістігінде Сауда және интеграция министрлігі тарапынан да келіссөздер жүргізілуде», - деді ҰҚК өкілі.