Бүгінгі жағдай бойынша елімізде КВИ талдауының нәтижесі оң 142 986, КВИ– 43 974 жағдай тіркелді. Соңғы тәулікте КВИ+ 661 жағдай, КВИ– 22 жағдай тіркелді. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова осындай мәліметтерді жария етті. Оның айтуынша, Нұр-Сұлтан қаласы тәуекелі жоғары аймақта немесе қызыл аймақта тұр.

«Сары аймақта» 7 өңір – ШҚО, Атырау, Павлодар, Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары және Алматы қаласы. Қалған өңірлер «жасыл аймақта». Екі апта бойы эпидемиологиялық жағдайы жақсарған өңірлерде карантиндік шараларды жеңілдету мәселесі қаралады. Сыртқаттанушылық көрсеткіші Нұр-Сұлтан қаласында өткен 2 апта ішінде 1,3 есе, Жамбыл облысында 1,7 есе, Атырау облысында 2,4 есе, Алматы облысында 1,5 есе өскен. Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, тәуекелі жоғары өңірлерде күшейтілген шаралар сақталуда. Сонымен қатар, барлық өңірлерде ұжымдық мерекелерді өткізуге тыйым салынды», - деді Р.Қожапова.

Оның мәліметінше, оқу жылы басталғалы оқушылар арасында 2 884 КВИ жағдайы тіркелді. Оның ішінде кезекші сыныптарда оқитын балалар арасында 818 жағдай, ал қашықтан білім алатын балалар арасында 2066 жағдай.

Сонымен қатар, маман қазақстандықтарды алдағы Тәуелсіздік күнімен құттықтап, індеттің алдын алу шараларын сақтауға шақырды - халық көп жиналатын орындарға бармау, ұжымдық іс-шраларды өткізбеу және оларға қатыспау, оргнизмнің салқындауына жол бермеу, маска тағу, әлеуметтік қашықтықтық пен гигиена талаптарын сақтауға және құттықтау үшін қашықтан байланыс құралдарын қолдану.