Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстанда фармацевтикалық медициналық өнеркәсіпті дамыту жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламаның жобасы әзірленуде. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков мәлімдеді.

Салалық ведомство өкілінің айтуынша, бағдарлама аясында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілерді қолдау шаралары қарастырылады.

«Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды мемлекеттік тіркеу кезінде отандық өндірушілер үшін тіркеу куәлігінің мерзімсіз әрекет ету мерзімін белгілеу, субстанциялар, дәрілік заттардың қазақстандық өндірісі үшін әкелінетін шикізат пен жинақтаушы материалдар үшін кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелері мәселелері бойынша шаралар қарастыру жоспарлануда», - деп толықтырды Н.Асылбеков.