Бұл туралы «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ басқарма төрайымы, педиатр-дәрігер, медицина ғылымдарының докторы Риза Боранбаева Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-баспасөз маслихатында мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл хаттама соңғы екі апта ішінде дайындалды. Бұған дейін Қазақстанда балалар мен ересектерге, сондай-ақ жүкті әйелдерге арналған бірыңғай емдеу хаттамасы болған. Дәрігер-педиатр атап өткендей, бұдан былай Қазақстанда балалар, ересектер және жүкті әйелдерге арналған бөлек үш хаттама болады. Коронавирустық инфекцияны балаларда диагностикалауға және емдеуге арналған хаттама дайын, ол біріккен комиссияның отырысында қаралып, бекітіледі.

«КВИ жұқтырған балаларды емдеу кез келген жағдайда жүргізіледі. Себебі ауруды диагностикалау мен емдеу бұрынғы жалпы хаттамада болды. Қазір балалар хаттамасы әзірленді, кеңейтілді және жүйеленді, оған мультиқабыну синдромы қосылды. Менің ойымша, бұл хаттама бір апта ішінде бекітіледі», - деп түсіндірді Р.Боранбаева.