Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ҚР Қорғаныс министрлігі Қорғаныс істер департаментінің өкілі Ғани Артықов журналистің сұрағына берген жауабында мәлімдеді.
Оның айтуынша, Қорғаныс министрлігі тиісті жұмыстарды қолға алды.
«Қазіргі кезде әскери билеттердің ішіндегі барлық мәліметтерді цифрлық форматқа ауыстырып, Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы порталына (егов) орналастыру бағдарламасы әзірленуде. Бұл жобаны 2021-2022 жылдары жүзеге асыру жоспарланған», - деді ведомство өкілі.
Ғани Артықовтың сөзіне қарағанда, жобаға қанша қаржы жұмсалатыны әзірге белгісіз.