Бұл шара сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатына байланысты. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қаржы министрлігі Мемлекеттік сатып алу заңнамасы департаментінің директоры Сәбит Ахметов мәлім етті.

Оның айтуынша, электрондық коммерцияны дамыту жағдайында бұл әдісті енгізу өте өзекті болып табылады. Қазіргі уақытта Қаржы министрлігі құны 100 АЕК-тен аспайтын тауарларда сатып алудың осы тәсілін пилоттық режимде сынақтан өткізуде.

«Электрондық дүкен арқылы тауарларды сатып алу Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жүзеге асырылады, ол нарықта жұмыс істейтін интернет-дүкендермен біріктірілген. Электрондық дүкеннің ерекшелігі — сатып алудың бұл тәсілі Тапсырыс берушіге өзіне қажетті тауарды таңдау еркіндігін береді, бұл ретте мұндай тауарды жеткізуші ең төменгі баға негізінде айқындалады», - деді С.Ахметов.

Оның айтуынша, бұл тәсіл сапалы тауарларды сатып алуға ғана емес, сонымен қатар тапсырыс берушілер тарапынан да, жеткізушілер тарапынан да кез келген теріс пайдаланушылық пен тәуекелдерді болдырмайды.