Бүгінде Қазақстанда 4 млн астам ПТР-зерттеу жүргізілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингтде Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады.

«Тестілеудің қуаты тәулігіне 90 мыңға жетті. Күн сайын зертханаларда күн сайын 40 мыңға дейін тест жасалады. Осылайша, зертханалардың резервтік қуаты 50 мың зерттеуге жетті, яғни қазақстандықтарған ПТР-тест қолжетімді», - деді А. Цой.

Сонымен қатар, 15 мыңға жуық инфекциялық төсек-орын дайын, оның 22%, ал реанимациялық төсек-орынның 16% ғана науқас жатыр. Карантиндік стационарларда 6 886 төсек-орын бар, республика бойынша олардың тек 3,8% пациент жатыр. Қажет болған жағдайда, 51 мыңға дейін инфекциялық төсек-орын әзірленеді.