Сауда саласын жаңғырту шеңберінде біртұтас және тиімді сауда-логистикалық инфрақұрылымын – ұлттық тауар өткізу жүйесін (ҰТЖ) құру бойынша жұмыс басталды. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов халық алдындағы есептік кездесуі барысында хабарлады.

Спикердің айтуынша, ҰТЖ фермерлерді, сатып алушыларды, тасымалдаушыларды, делдалдар мен ретейлерлерді бірыңғай кластерге біріктіреді. Техникалық қана емес, сондай-ақ ақпараттық бағытта.

Сауда және интеграция министрлігі 24 көтерме-тарату орталығы «табиғи» негізгі ҰТЖ болатынын хабарлады. Министр Б.Сұлтановтың айтуынша, бірыңғай цифрлық жүйемен байланыстағы КТО өндірушіден тұтынушыға дейін өнім жеткізу тізбегін оңтайландыруға мүмкіндік береді, өнімді сақтау, тиімді бөлу және өткізу үшін қажетті жағдайлар жасайды. Тауар шығындарын азайту фермерлерге өнімділікті арттыруға қосымша инвестициялау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

«Бұдан басқа, жеке өндірушінің өткізу нарықтарына және сату алдындағы сауда инфрақұрылымына толық тікелей қол жеткізуі жеке меншік иесінің де, жалпы саланың да кірістерін арттырады,» - деп хабарлады министр.
Сауда және интеграция министрлігінің есептеуінше, ҰТЖ әлеуемттік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын 45% - ға дейін төмендеуін қамтамасыз етеді. «Бұл қазақстандық тұтынушылар үшін жыл сайын шамамен 60 миллиард үнемдейді. Ұлттық тауар өткізу жүйесі бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ететіні және наурыз-сәуір айларында көргеніміздей, маусымдық және ажиотажды «тапшылық» үрдістерді болдырмауға мүмкіндік беретіні маңызды», - деп түсіндірді Бақыт Сұлтанов.