Бұл туралы журналистердің сұрақтарына жауап беру барысында Жол активтері сапасы ұлттық орталығының бас директоры Замир Сағынов хабарлады.

«9 айдың ішінде 22 мыңнан артық мәрте тексеру жүргізілді, 8,5 мыңға жуық заң бұзушылық анықталды. Біздің ұсыныстарымыз бойынша жалпы сомасы 2,5 млрд теңгеден асатын жолдарды қайта салу қажеттілігі анықталды. Қазір жұмыстарды аяқтаудың белсенді кезеңі жүріп жатыр, сондықтан бұл сома ұлғаятын болады және біз құрылыс ұйымдарымен, инженерлік қызметпен, авторлық қадағалаумен өзара белсенді әрекет етудеміз», - деді Сағынов.

Ол сондай-ақ Орталықтың техникалық мүмкіндіктерін атап өтті. 17 филиалда қолданылатын материалдардың сапасын тексеретін стационарлық зертханалар бар. Диагностикалау құралдарымен жабдықталған 16 жылжымалы зертхана жұмыс істейді. Қозғалыс кезінде жолдағы ақаулар, жол жағдайы, белгілер, жол белгілері тіркеледі.

«Осының арқасында барлығы талданады және соған сәйкес позициялар бойынша: жолдардың қиылыстары, қозғалыс қарқындылығы, пайда болатын ақаулар, жолға ілінісу - осының барлығы талданады және жолдардың рейтингі жасалады. Автомобиль жолдары комитеті Дүниежүзілік банкпен бірлесіп жол қауіпсіздігі сапасының халықаралық стандартын енгізеді. Келесі жылы 6200 км жолды тексеру жоспарланып отыр және осы халықаралық стандартқа сәйкес, онда әрбір 100 м сайын жол бағаланатын 50 позиция бар, осы көрсеткіштер бойынша қандай да бір қауіпсіз жол учаскелерін, қандай жолдар жедел жөндеуді, қаражат салуды талап ететінін пысықтайтын боламыз», - деп спикер жоспарларымен бөлісті.