«E-Salyk Azamat» мобильдік қосымшасында жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (есептілік нысаны 250.00) ұсыну бойынша сервис іске қосылды.

МКК төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаевтың айтуынша, бұл сервис жалпыға бірдей декларациялауды енгізгенге дейін барлық қажетті тестілік жұмыстардан өтті, нәтижесінде бүгінгі күні сервис қолжетімді.

Оның айтуынша, жыл басынан бері 150 мыңнан астам декларация тапсырылған, оның ішінде «E-Salyk Azamat» арқылы – 115 мың декларация. Сонымен қатар, бұл процедура азаматтар үшін қиын емес: бұл мобильді қосымшаның интерфейсіне және «Сұрақ-жауап» түріндегі жеңілдетілген форматқа қатысты.

Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, ҚР ҚМ МКК деректер базасының басқа мемлекеттік органдармен бірігуіне байланысты 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда Қазақстан аумағында тіркелген жылжымайтын мүлік, көлік құралдары, сондай-ақ шетелдік банктердегі банктік шоттардағы ақша көрсетілмейді.