Көлеңкелі экономикаға қарсы күреске азаматтық қоғамды тарту мақсатында Мемлекеттік кірістер комитеті бірқатар пилоттық жобаны жүзеге асыруда. Бұл туралы комитет басшысы Марат Сұлтанғазиев ОКҚ алаңында мәлімдеді.

Атап айтқанда, «Азаматтық бақылау – Чекті талап ет» жобасы іске асырылуда, ол азаматтық қоғамды кірістерді жасыратын азаматтарға қатысты нөлдік төзімділік танытуға тартуға бағытталған. Жоба жұмыс істеген уақыт ішінде Wipon мобильді қосымшасы арқылы чектердің берілмегені туралы 16,5 мың хабарлама келіп түсті, оның 5,5 мыңы расталды. Осы бұзушылықтар туралы хабарлаған адамдарға 4,5 млн теңге төленді.

«Дәрілік заттар бойынша электрондық шот-фактураларды жазып беру жөніндегі» тағы бір пилоттық жоба 2020 жылы кез келген нысандағы дәрілерді бақылау мақсатында іске қосылды. Оған 5,5 мың қатысушы жұмылдырылды. Әлеуетті пайдаланушыларға арнайы бейне және фотофиксация құралдарын қолдана отырып, «Визуалды шолу» түсіндірілуде. МКК сайтында QR-кодтар жасалады, оның көмегімен сатып алушы сатушыны сәйкестендіреді.

«ЕАЭО шеңберінде тауарлар айналымын толассыз бақылауды қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылдың басынан бастап «Виртуалды қойма» модулінде ресімделетін тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды (ТІЖ) ресімдеу жөніндегі жоба қолға алынды. Бүгінгі таңда бірқатар проблемалар анықталды, олар алдағы уақытта шешімін табады. Жобаны іске асыру кезеңінде айыппұл санкциялары қолданылмайтынын атап өткім келеді», - деді Сұлтанғазиев.