Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасының мұнай тасымалдау жөніндегі орынбасары Данияр Берлібаев мәлімдеді. Берлібаевтың айтуынша, 2020 жылы барлығы 68,5 млн тонна мұнай, КҚК құбыр жүйесі арқылы 51,8 млн тонна экспортталды.

«Қазмұнайгаз» компаниясы КҚК-ның ірі акционері болып табылады, әрине, біз бұл жобаны іске асыруға және Қазақстан үшін стратегиялық маңызды осы бағытты дамытуға баса назар аударамыз. Биыл мұнай құбыры арқылы алғашқы мұнай жөнелтілгеніне 20 жыл болады. Осы уақыт ішінде КҚК қазақстандық мұнайды тасымалдаудың тиімді және сенімді бағыты ретінде танымал болды. Осы бағытта 600 млн тоннадан астам жүк тиелді. 2020 жылы Қазақстаннан 68,5 млн тонна мұнай экспортталды, оның ішінде КҚК арқылы 51,8. Осылайша, Қазақстанның барлық экспорттық мұнайының 75% магистральдық мұнай құбыры арқылы жөнелтілді», - деді ұлттық компания өкілі көрсеткіштерге тоқтала отырып.

Ол сондай-ақ өткен жылы «ҚазМұнайГаз» «КҚК-Р» компаниясының директорлар кеңесін басқарғанын және басқа акционерлердің, атап айтқанда «Транснефть», «Шеврон» және басқа да халықаралық компаниялардың өкілдерімен бірге осы бағытты дамытумен белсенді айналысатынын атап өтті.

«2023 жылға қарай бұл бағытта Қазақстаннан 72 млн тонна экспорттау үшін биыл алдымызға үлкен міндеттер қойып отырмыз. 2020 жылы КҚК компаниясы барлық акционерлер алдындағы қарызын толығымен өтеп, 1 млрд АҚШ долларына жуық қарыздарын төледі, оның ішінде Қазақстанға 200 млн-нан астам салық төленді, Қазақстанда 100 млн доллардан астам тиісті салықтар төленді. 2021 жылы дивидендтер төлене бастады, бұл тиісінше акционерлердің зор қызығушылығын оятады. Жалпы, «ҚазМұнайГаз» КҚК қызметінің өндірістік нәтижелерін оң бағалайды, бұл жетістіктерді КҚК акционерлерінің, сондай-ақ Қазақстан мен РФ үкіметтерінің көпжылдық жемісті ынтымақтастығының нәтижесі деп санайды», - деп түйіндеді ұлттық компания басшысы.