Елді мекендер жолдарының барлық санаттары мен көшелерін қалпына келтіруге, сондай-ақ оларды күтіп-ұстауға рекордтық 68 млрд теңге бағытталды, бұл өткен жылғы көлемнен іс жүзінде 2 есе артық.

Бұл облыстың барлық автожолдарының 775 км қайта жаңғыртуға және жөндеуге мүмкіндік берді. Өңір әкімі Архимед Мұхамбетов осындай мәліметтерді келтіріп өтті. Оның айтуынша, облыстың барлық аудандары мен қалаларының көшелері жөндеумен және қайта жаңғыртумен қамтылды. Жалпы, белгіленген жоспарларды іске асыру жолдардың қанағаттанарлық жағдайдағы үлесін 69%-тен 75%-ке дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Тұрғын үй құрылысында да оң үрдіс байқалады. Биыл тұрғын үйлерді пайдалануға беру қарқынының өсімі 13,1% - ті құрайды.

«Жыл басынан бері «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 308,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, тұрғын үй құрылысына 22,1% өсімімен 31,2 млрд теңге инвестицияланды. Облыс орталығында «Әуежай» және «Юбилейный» шағын аудандарының құрылысы аяқталуда, онда ауданы 514,2 мың м2 88 үй салынды. Тағы да 2 жаңа - «Қонай» мен «Береке» шағын аудандарының игерілуі басталды. Мұнда ауданы 503,7 мың м2 102 тұрғын үй салынады және жеке тұрғын үй құрылысына ауданы 210 мың м2 2 мың учаске бөлінеді. Сонымен қатар, жаппай тұрғын үй құрылысының арқасында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының филиалы соңғы 3 жылда депозиттік қоржынын 2,1 есе ұлғайтты», - деп атап өтті Мұхамбетов.

Жыл басынан бері кредиттік тұрғын үйдің 639 пәтері сатылды, бұл республика бойынша 1-орын.