ПТР аппараттары бар ветеринариялық зертханаларды қайта бағдарлау есебінен осындай нәтижеге қол жеткізілмек. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ведомство басшысы Алексей Цой мәлімдеді.

«Ауыл шаруашылығы министрлігі тестілеу бойынша тапшылық көріп отырған өңірлерде орын-жайлар бөліп, мамандар жібереді, талдағыштар береді. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында модульдік зертханалардың қуаттылығын ұлғайту жоспарлануда. Қазіргі кезде бұл мәселе әкімдіктерде пысықталып жатыр. Екі қала бойынша екі зертхананың қуаттылығы тәулігіне 10 мың тестке дейін ұлғайтылады», - деп атап өтті министр.

Анықтама үшін, мемлекет басшысы зертханалық зерттеулердің қуаттылығын күніне 40 мың ПТР-ға дейін жеткізуді тапсырған болатынғ яғни 100 мың тұрғынға шаққанда 215 тесттен. Тестілеудің нақты қуаттылығы тәулігіне 32 мың зерттеуді құрайды. Бұл жағдайды жақсартуға ПТР жабдығы бар 26 ветеринариялық зертханалар көмектеседі. 1 тамыздан бастап Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Түркістан, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында ветеринариялық қызметтің 67 маманы жұмыстарға тартылады.