Елбасы былтыр ұсынған «Ел Үміті» бастамасы қабілетті балалар мен жастарды анықтауға және қолдауға, экономиканың негізгі салаларының көшбасшыларын дамытуға бағытталған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Елбасы Академиясы» корпоративтік қоры директорының орынбасары Әнуар Жанғозин мәлімдеді. Бастама жобалары Нұрсұлтан Назарбаев қорының қолдауымен іске асырылады, ал бастаманы іске асыруға «Елбасы Академиясы» корпоративтік қоры жауапты.

«Пандемияға байланысты қиындықтарға қарамастан, бастама шеңберінде 2020 жылы 350 мыңға жуық қатысушыны қамтыған негізгі жобалар жұмысын бастады. Жобалармен жалпы қамту шамамен 1,5 миллион адамды құрайды - бұл оқушылар, студенттер, ата-аналар, педагогтар, жұмыс істейтін жастар, кәсіпқойлар», - деді спикер.

Ол сондай-ақ, барлық жобалар балалар мен жастарды ұлттық құндылықтар, патриотизм рухында дамытуға және тәрбиелеуге және үнемі өзін-өзі дамыту қажеттілігін түсінуге бағытталғанын атап өтті. Жобалар бірегей және қарапайым көпшілікке қолжетімді.