Қызмет көрсету саласындағы іскерлік белсенділіктің 5,6%-ға төмендеуіне қарамастан, Қазақстанда тауарлар өндірісі 4,1%-ға өсті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді.

Оның айтуынша, экономиканың нақты секторындағы негізгі драйверлер құрылыс (+11,2%) және өңдеу өнеркәсібі (+4,8%) салалары болды.

«Өңдеу өнеркәсібіндегі көрсеткіштердің өсуіне автомобиль жасау (46%), фармацевтика (24%), дайын металл бұйымдарын өндіру (20%), жеңіл өнеркәсіп (8%), резеңке және пластмасса бұйымдарын (8%) және қағаз өндіру (15%) есебінен қол жеткізілді», - деп нақтылады Р.Дәленов.