Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында журналистердің сұрақтарына жауап берген республиканың бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова айтты.

«Өкінішке қарай, біз ел аумағындағы әр елді мекенде қандай эпидемиологиялық жағдай қалыптасып жатқанын толық біле алмаймыз. Сондықтан аймақтық санитарлық дәрігерлер карантиндік талаптарды қатайту өкілеттігіне ие. Бұл туристік аймақтарға да қатысты. Яғни, аталған шараларды қажет болса, өңірдегі бас санитарлар енгізеді», - деді А.Есмағамбетова.

Өз кезегінде, ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди демалыс аймақтары, соның ішінде жағажайлар қызметінің шектелуі туралы хабардар етті.

«Халық бұл шараларды дұрыс түсінуі керек. Сондықтан әрбір жеке демалыс аймағы бойынша, әрбір туристік нысан бойынша жергілікті санитарлық дәрігерлердің басшылығымен жергілікті билік шешім қабылдайды»,- деп хабарлады ІІМ өкілі.