ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, балаларды қашықтықтан оқыту үшін педагогтар интернет-платформа түрінде IT-технологиялармен жұмыс істей білуі тиіс.
Бұл үшін министрлік дайындаған курстар шеңберінде мұғалімдерге осы бағытта оқу және өз біліктілігін арттыру мүмкіндігі беріледі. Оқыту бағдарламасының екінші бөлімі киберпедагогика мен оқыту әдіснамасын оқыту сұрақтарынан тұрады.
«Қашықтықтан оқыту дәстүрлі сыныптық-жаттығу жүйесінен өте ерекшеленеді. Оқыту әдістемесі мен технологиясы тұрғысынан бұл өте маңызды процесс. Сондықтан біздің алдымызда барлық әріптестеріміздің ІТ-құзыреттіліктері болуы және оларды қашықтықтан оқыту форматында жаңа жағдайда сабақ беру үшін біліктілігін арттыру міндеті тұр», - деп толықтырды ведомство басшысы.
20 шілдеден бастап педагогтар осы курстардан өтуге кіріседі.