Бүгін бірқатар аймақтарда сайлаушыларға, әсіресе бірінші рет дауыс берушілерге бағалы сыйлықтар табыс етілді. Бұл қаншалықты заңды? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Бас прокурорының аға көмекшісі Азамат Сарғазин журналистердің сұрағын жауапсыз қалдырған жоқ.

«Бұл заңға қайшы келмейді, мұндай жағдайлар Заңмен реттелмеген. Мұндай әрекеттер электоратты азаматтық ұстанымды білдіруге ынталандыруға бағытталған және дауыс беру кезінде сайлаушылардың ерік білдіруіне әсер етпейді. Сонымен қатар, бұл сайлаушыға пара бермейді, өйткені олар дауыс бергеннен кейін беріледі және ешқандай партияның атынан берілмейд»,-деп түсіндірді спикер.