Кибербуллингке қарсы күресте қоғам мен мемлекеттің бірігуі қажет. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен сараптамалық брифинг барысында Қазақстанның Интернет қауымдастығының президенті Шавкат Сабиров мәлімдеді. Оның айтуынша, 2011 жылы бірлестік негізінде safekaznet.kz «жедел желісі» ашылған. Пайдаланушылар 8 жыл ішінде заңсыз контент бойынша 20 мыңға жуық шағым түсірген. Қазіргі кезде платформа тек қоғамдық негізде ғана жұмыс істеп тұр. Мемлекеттік органдарды қолдау 2014 жылы аяқталды.

«Карантин мен пандемия кезінде барлығы интернетте отырды. Желіде ойын-сауық қана емес, қауіп-қатер де болады. Әдетте, бәрі зиянсыз троллингтен басталады, кейде балалар үшін бопсалаумен және қауіп төндірумен аяқталады. Қазақстандық балалар ЛГБТ қауымдастықтарына тартыла бастады. Көптеген ата-аналар құқық қорғау органдарымен жұмыс істегісі келмейді. Біз мұғалімдер мен ата-аналарға арналған ақпараттық материалдарды, балаларға арналған білім беру бағдарламаларын дайындауды ұсындық: ойын түрінде желіде өзін қалай ұстану және қорғану керектігін түсіндіріңіз. Немесе техникалық жағынан шаралар қабылдаңыз – баланың ұялы телефонына SOS түймесін орнатыңыз, ол ата-аналарға хабарлап, оны қиын жағдайда қолдана алады. Бірақ мемлекеттік қолдау шараларынсыз бұл мәселені шешу мүмкін емес. Мемлекет қоғамға бет бұруы керек. Қазір ең бастысы – алдын алу шаралары екенін түсінуіміз керек», - деді Сабиров.

Айта кетейік, Интернет қауымдастығының «жедел желісі» осы күнге едйін Қазақстандағы қоғамдық ұйымның осындай жалғыз жобасы болып қалуда. Шетелдік аналогтар интернеттегі заңсыз контентке қарсы күресте өздерін берік «қалқан» ретінде көрсетті.

Анықтама үшін, 2013 жылы «жедел желі» INHOPE халықаралық ұйымына кірді, ҚР Бас прокуратурасымен ынтымақтастық туралы тиісті меморандум жасасты, Еуразиялық одақ елдерінің ұқсас ұйымдарымен шарттарға қол қойды.