«СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев пульсоксиметрлерді жоғары бағамен сатып алу жөніндегі жағдайға түсінік бере отырып, Бірыңғай дистрибьютор Денсаулық сақтау министрлігінде тіркелген, тіркеу куәлігі бар медициналық бұйымдарды ғана сатып ала алатынын хабарлады.

«Конкурс кезінде пульсоксиметрлерді сату бойынша 50-ден 105 мың теңгеге дейін тиісті тіркелген ұсыныстар ғана болды. 55 мың теңге деген баға белгіленіп, сатып алу жүргізілді. Медициналық бұйымдарды сатып алу кезінде қауіпсіздік мәселесі әрқашан басымдыққа ие. Біз қайда шығарылғаны белгісіз және сапа бақылауынан өтпеген өнімді сатып ала алмаймыз. Біз тіркелген препараттар бойынша жұмыс істейміз», - деп түсіндірді Ерхат Есқалиев.

Сонымен қатар, «СК-Фармация» ЖШС Басқарма төрағасы қазіргі уақытта Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңес бейінді сарапшыларды тарта отырып, дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу шарттарын жақсарту бойынша Жол картасын әзірлеуде. Сондай-ақ, барлық құқықтық қайшылықтарды ескеру және қарастыру жоспарлануда.