Смартфонды немесе басқа да тыйым салынған заттарды ҰБТ-ға апару, тест нәтижелерін жарамсыз етеді.

Журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов түлектерге тыйым салынған заттарды алып жүруге ниет білдірген ҰБТ қатысушыларының жауапкершілігі туралы айтты.

Оның айтуынша, егер тестіленуші өзімен бірге смартфон, шпаргалка және т.б. түрінде тыйым салынған затты алып өтуге тырысса, онда ол емтиханға кірмейді. ҰБТ-ға қатысушы тестілеуге жіберілмейді, оның нәтижесі жойылады және биылғы жылы ол тест тапсыра алмайды.

«Әрбір қатысушы ҰБТ өткізу ережелерімен алдын ала таныстырылады. Тестке қатысушы өзін жақсы сезінетіні жайлы, тестілеу ережелерімен таныс және тыйым салынған заттардың жоқтығы туралы құжатқа қол қояды», - деді Д.Смағұлов.

Сондай-ақ, спикердің айтуынша, Ұлттық тестілеу орталығы биылғы жылдың 25 тамызына дейін тестілеуді өткізудің бейнежазбаларын қайта тексеруге ниетті. Егер бейнематериалдарды талдау барысында тыйым салынған заттарды пайдалану немесе тестілеу ережелерін өзге де бұзу фактілері анықталса, онда бұл да нәтижелердің күшін жояды. Егер сол кезде тыйым салынған заттарды пайдаланғаны байқалса, тестке дейін түлекке білім беру гранты берілсе, онда ол автоматты түрде одан айырылады.