СҚО әкімі Құмар Ақсақалов етті мал шаруашылығында жобалардың қалай жүзеге асырылып жатқанына тоқталды.

«Биыл біз 1000 басқа арналған ферманы енгізіп жатырмыз. 13 мың басқа арналған екі мал бордақылау алаңының құрылысы жалғасуда. Келесі жылы іске қосылады. Осыдан бір жыл бұрын біз ет комбинаты мен «EMC Agro» ЖШС ірі шошқа фермасын іске қосу туралы сөйлескен болатынбыз. Тұрақты жұмыстың арқасында кәсіпорын шошқа кешенін 50-ден 100 мың басқа дейін кеңейте алды. Сондай-ақ, генетикалық орталық ашу жоспарланған. Осының барлығы ет өндірісінің өсуіне негіз болады, ол жыл басынан бері 4,1%-ға ұлғайды», - деп атап өтті Құмар Ақсақалов.

Аймақ басшысы сондай-ақ қайта өңдеу өнеркәсібінің жетістіктеріне тоқталды. Облыстағы 80-нен астам қайта өңдеу кәсіпорны ет, сүт және макарон өнімдерінің 330 түрін шығарады. Біз әрбір үшінші қазақстандықты солтүстік қазақстандық өніммен қамтамасыз ете аламыз, – деді көкөніс өндірісі сұраныстан бірнеше есе артық болатын өңір басшысы.