Бүгінде өңірдегі туризмді өркендету мақсатында кешенді жоспар жасақталып, саланы жетілдіру бағыттары айқындалды. Осы жұмыстардың нәтижесінде биыл өңірімізге 117 мыңнан аса турист келген. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті. Оның айтуынша, Маңғыстау – еліміздегі туризмді дамытуға қолайлы аймақтардың үздік ондығына кіреді.
«Осы жылдың 2-ші тоқсанында осы туризм саласында 1 млрд. теңгенің қызметі көрсетілген. Биыл өңірге 177 мың турист келген. Оның басым бөлігі жаз айларында қыдырып келген. Ақтау қаласының «Жылы жағажай» теңіз курорттық аймағын инфрақұрылыммен қамту мақсатында Үкіметтің қолдауымен 17 млрд. теңгеге 31 шақырым жол салынды. 58 км газ, 10 км электржелісі және 45 шақырым су құбырын тартудың бірінші кезеңі аяқталды»,», - деді облыс әкімі.
Оның атап өтуінше, 2020 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша туризм саласына салынған инвестиция көлемі 68,7 млрд. теңгені құрап, 3,7-ге артты. Қазіргі кезде жылы жағажайда жобаларды іске асырудың екінші кезеңі басталды.