Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Жолаушылар тасымалы» АҚ Бас директорының м.а. Асылхан Қалдықозов мәлімдеді.

Ұлттық тасымалдаушы өкілінің ақпараты бойынша, 1 маусымнан бастап ел бойынша 93 бағытта жолаушылар тасымалы қайта қалпына келтірілді. «Talgo» жүрдек коммерциялық пойыздарының жеткіліксіз жүктелуіне байланысты 1 шілдеден бастап «Нұр-Сұлтан-Алматы» (№701/702), «Нұр-Сұлтан-Орал» (№95/96), «Нұр-Сұлтан-Атырау» (№19/20) 3 бағыты бойынша пойыздардың қозғалысы уақытша тоқтатылды. Осы бағыттар бойынша ұлттық және жеке тасымалдаушылардың баламалы пойыздары қатынайды.

«19 маусымнан бастап «Talgo» барлық коммерциялық пойыздарына 35% - ға дейін уақытша жеңілдіктер орнатылды, яғни тоқтатылған пойыздарға билет рәсімдеген жолаушылар баламалы пойыздарға билет сатып ала алады», - деп толықтырды А.Қалдыкозов.