«Асыл арна» телеарнасы жабылып, оның орнына әлеуметтік, отбасылық, ғылыми және мәдени танымдық бағытты қамтитын «Тәлім тв» арнасы ашылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде жаңа және ескі арнаның директоры Мұхаммеджан Тазабек мәлімдеді.

«Тәлім тв» телеарнасы әлеуметтік рөлдік модельдерді ұсынатын мотивациялық консервативті алаңға айналады деген ойдамын. Телеарна саласында 10 жылдық тәжірибеммен қажет болған жағдайда «Халық арна» телеарнасы үшін де бөлісуге дайынмын»,-деді.

Мұхаммеджан Тазабектің айтуынша «Асыл арнаның» жабылуының бір себебі діни-рухани ағартушылық бағыттағы контенттерді ҚМДБ толықтай өздері айналысқаны дұрыс деп санайды. Еліміздегі мұсылман қауымының талабы болып отырғандығын да атап өтті.