Сауда нүктелерінің 60% жуығы 2D-сканерлер орнатып, таңбалау жүйесіне тіркелді. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Цифрлық экономиканы дамыту орталығының акцизделетін өнімдерді таңбалау бойынша жоба менеджері Алмат Исмаилов ресми деректерді ұсынды.

Оның атап өтуінше, «Қазақтелеком» әзірлеген тегін NaqtySauda.Kassa қосымшасы – 2D сканердің аналогы. Ол нақты уақытта чектерді фискалдауды жүргізеді, сервермен байланысы қорғалған және ақпарат қоймасына ие, ең бастысы, ШОБ үшін қолжетімді кез келген гаджет үшін жарамды.

«NaqtySauda.Kassa – бағдарламалық бақылау-кассалық машина болып табылады және басқа БКМ сияқты жұмыс істейді. Салық төлеушілер үшін бұл қосымшаны Google маркеттен жүктеп, бақылау-кассалық техникаңызды тіркеп, іске асыру кезінде пайдалануыңыз қажет. Біз тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс орталығын ұйымдастырдық, немесе техникалық қолдаудың e-mail жазуға болады. Бүгінгі таңда ақпараттық жүйеде 16 мыңнан астам қатысушы тіркелген. Айта кетейік, онда филиалдары бар ірі желілер тіркелген. Яғни, бұл көрсеткіш филиалдық желілердің саны емес. 2D сканерге келетін болсақ, вендорлар 55 мыңға жуық сканер сатқан, бұл сауда нүктелерінің шамамен 60% қамтамасыз етеді», - деді жоба өкілі.