ТМД бақылаушылар миссиясының өкілі Қазақстандағы парламенттік сайлауды үлгі аларлық деп сипаттады. Ұйымдастыру, өткізу және пандемия жағдайында азаматтардың денсаулығына қамқорлық жасау жағынан. Қоғамдық палата жанындағы дауыс беруді қоғамдық бақылау жөніндегі үйлестіру кеңесінің төрағасы, Ақпараттық қоғам, БАҚ және бұқаралық коммуникацияларды дамыту жөніндегі қоғамдық палата комиссиясының мүшесі Максим Григорьев науқан қорытындыларына арналған брифингте қоғамдық бақылаушылар мен партиялық емес бақылау орталығының жұмысына тоқталды.

«Әрине, сайлаудың легитимділігі зор. Қазақстанның Азаматтық альянсына жеке алғысымды білдіргім келеді. Олар партиялық емес бақылау орталығы қалай жұмыс істейтінін көрсетті. Олардан 20 мыңнан астам бақылаушы болды, яғни, әр учаскеде екі адамнан. Олардың арқасында біздің де кез келген ақпаратты тексеруге, сайлау учаскелерінде не болып жатқанына көз жеткізуге мүмкіндік алдық. Біз ауылдардағы шағын сайлау учаскелеріне арнайы бардық, әрине, ескертусіз және онда сайлаудың қалай ұйымдастырылғанын көрдік. Мен Ресей Федерациясының Қоғамдық палатасында Дауыс беруді қоғамдық бақылау жөніндегі үйлестіру кеңесін басқараындықтан бұл біз үшін қызық болды, Ресей ішінде бізбен бірге 2 мыңнан астам қоғамдық ұйым сайлау барысын бақылайды, біз халықаралық бақылау тақырыбымен айналысамыз, біздің делегациялар әртүрлі елдердегі сайлауды жиі бақылайды. Біз бұрын көргенімізді биыл Қазақстанда өткен сайлаумен салыстыра аламыз», - деді мейман.

Сонымен қатар, Григорьев бірқатар оң реформаларды, соның ішінде елдің саяси өміріндегі оқиғаларды атап өтті.

«Қазақстанды қызығушылықпен бақылаймыз, қандай реформалар, соның ішінде саяси реформалар жүргізіліп жатқанын көріп отырмыз. Мысалы, билеуші партияның праймеризінде жастар мен әйелдерге жеке квота бөлінді - бұл оң үрдіс. Біз Ресейде Қазақстан - 30 жылдың ішінде қалыптасқан, айқын, түсінікті, демократиялық дәстүрлері бар байыпты мемлекет екенін нақты білеміз. Не тілейін? Өз күштеріңе сенімді болыңыздар», - деді ТМД миссиясының бақылаушысы сөз соңында.