Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласын реформалау мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы әзірленді.

"Заң жобасын әзірлеу үшін Министрліктін бұйрығымен 55 адамнан тұратын Жұмыс тобы құрылды, оған тұрғын үй құқықтық қатынастар субъектілерінің барлық өкілдері – тұрғындар, бизнес-бірлестік, заңнама институтының, «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Қазақстан Республикасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының; пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері, сервис және энергиялық сервис басқару субъектілері, пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлар меншік иелері кооперативтерінің республикалық қауымдастығы тәуелсіз қауымдастықтардың, Қазақстан қаржыгерлері, жоғары технологиялық, энергиялық тиімді және инновациялық компаниялар қауымдастықтарының өкілдері және т.б. кірді", - деп мәлімдеді тұрғын үй коммуналды шаруашылығы қазақстандық орталығы директорының орынбасары Марұлан Әбдіқадыров.

Айта кетсек, заң жобасында Қазақстан Республикасының 3 Кодексіне және 12 заңына өзгеріс енгізу көзделген.

Заң жобасы аясында жергілікті атқарушы органдарға бірнеше жаңа міндеттер жүктелді. Олар қаланың бірыңғай сәулеттік келбетін жасау үшін қасбеттерді, шатырларды жергілікті бюджет қаражаты есебінен жөндеу, су басу қаупі бар аймақтардағы тұрғын үйлердің беріктігін көтеру, мүліктің меншік иелері бірлестігі қатысушыларының шығындарды кейіннен өтеуімен жергілікті бюджет қаражатынан есебінен қайтарымды негізде лифтілерді жөндеу және ауыстыру.

Сонымен қатар,жергілікті атқарушы органдарға кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі құрамына жер учаскесін оны тіркеумен бірге қосумен, газ, газбен жабдықтау саласындағы бақылауды және әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалануды қадағалауды жүзеге асырумен, тіреуіштік қабілетін жоғалтқан негізгі тіреуіш конструкциялары және оларды әрі қарай пайдалану тұрып жатқандар өміріне қауіп төндіретін авариялы көппәтерлі тұрғын үйлерді бұзуды ұйымдастырумен байланысты қосымша құзыреттіліктер бөлу көзделген.