Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Асан Дарбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтып өткендей, табиғи монополиялар саласында 1247 субъект өз қызметін жүзеге асырады.
Олар Комитет реттейтін 2000-ға жуық қызметті ұсынады. Атап айтқанда, электр энергиясын беру; сумен жабдықтау және су бұру; жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және жабдықтау; мұнайды немесе мұнай өнімдерін магистралдық құбыржолдары арқылы тасымалдау; тауарлық газды жалғастырушы, магистральдық газ құбыржолдары немесе газ тарату жүйелері арқылы сақтау, тасымалдау; магистралдық теміржол желілері, кірме жолдар мен порттар және т. б. сияқты.
Сондай-ақ, Комитет қоғамдық маңызы бар нарықтардың 71 субъектісінің қызметін реттейді, ал бұл 5 нарық, оған ЭЖҰ электр энергиясын бөлшек саудада өткізу; электр энергиясының орталықтандырылған саудасын ұйымдастыру және өткізу; тауарлық газды бөлшек саудада өткізу, сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу; жүктерді теміржол көлігімен және локомативтік тартқышпен тасымалдау бойынша қызметтер көрсету жатады.
"Коммуналдық тарифті қалыптастырудың жаңа тәсілдері тұтынушылардың мүдделерін, яғни тарифтерді өзгертудің негізділігін, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуын және болжамдылықты қамтамасыз ету жөніндегі басты постулатқа сүйене отырып жасалады", - деді ведомство басшысы.